Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

0,5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды апостилизациялау - 3 жұмыс күні 

Тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда құжаттарды апостильдеу - 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Апостилдеуге жататын құжат.
  2. Апостилді қою үшін мемлекеттік бюджетке төлемді растайтын құжат.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Апостилдеуге жататын құжат.
  2. Апостилді қою үшін мемлекеттік бюджетке төлемді растайтын құжат.
  3. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды расталған сенімхат.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау электронды кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жерінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Құрылымдық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.