Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

МҚ стандартына сәйкес

Қызметтің толық атауы
Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу (қажетті құжаттар):

  1. Салық өтініші.

Өтінішті бейрезидент салық агенті тұрған (тұрғылықты, болатын) жердегі мемлекеттік кірістер органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын мемлекеттік кірістер органына екі данада ұсынады.

  1. Жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге немесе өзге мақсаттарға келісімшарттардың нотариалды расталған көшірмелері (шарттар, келісімдер).
  2. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат.
  3. Алынған кірістер мен ұстап қалған немесе төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелері.
  4. Бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда – осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері.
  5. Өтінішті заңды тұлға берген жағдайда – құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері немесе құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмелер.

Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда мұндай бейрезидент салық агентіне:

  • бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған құжатты (актіні), немесе қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері көрсетілген өзге де құжатты ұсынады;
  1. Өтінішті жеке тұлға ұсынған жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден табыс салығын қайтарып алуға өтінішті ұсынған кезде:

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш.

Өтінішті бейрезидент салық агенті тұрған (тұрғылықты, болатын) жердегі мемлекеттік кірістер органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын мемлекеттік кірістер органына екі данада ұсынады.

  • мыналарды:

бейрезиденттің атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;

бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның аналогын (ол болған кезде), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын орталық депозитарийден алынған шоттан үзінді көшірме;

  • депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі; 
  • келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан үзінді көшірме;
  • депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат қоса беріледі;

Егер осы көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, бейрезидент олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасын қоса беруге міндетті.

Қызмет көрсету нәтижесі

1.Төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім .

2.Бюджеттен табыс салығының сомаларын қайтару.

3.Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім.

4.Мемлекеттік қызметті қараудан  бас тарту бойынша уәжделген жауап.