Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

4 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою кезінде:

тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Тіркеу туралы куәлік.

тұрғылықты жерін ауыстырған кезде немесе уақытша келген орнында (3 айдан асатын мерзімге) 7 жұмыс күні ішінде әскери есепке тұрмаған әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Тіркеу туралы куәлік;
  4. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде).

құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары, оқудан шығарылған және (немесе) келісімшартты бұзған, бірақ 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Тіркеу туралы куәлік.
  4. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың әскери есепке қою туралы нұсқамасы.
  5. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде).

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан асатын мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген әскерге шақырылушылар қатарынан азаматтар үшін:

тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:

тұрғылықты жерін ауыстырған кезде 7 жұмыс күні ішінде әскери есепке тұрмаған запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін (әскери билет немесе әскери билеттің орнынан берілетін уақытша куәлік бар болған кезде):

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін (әскери билет немесе әскери билеттің орнынан берілетін уақытша куәлік болмаған кезде):

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан асатын мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:

білім беру ұйымдарын бітірген және офицерлер әскери атағын берумен офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін:

тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде жеке әскери-есептік құжатын жоғалтқан запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке, оның ішінде уақытша әскери есепке қою және одан шығару (3 (үш) айдан астам) көрсетілетін қызметті алушыны тұрақты тіркелген немесе уақытша тұратын орны бойынша тіркеу кезінде жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде ғана жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады.

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың жеке әскери-есептік құжаттарына белгіленген үлгідегі мөртаңбаны қою;

2) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде жергілікті әскери басқару органына әскери есепке қою туралы анықтама беру, мынадай санаттағы азаматтар үшін:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан асатын мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған азаматтар үшін (әскери билет немесе әскери билеттің орнынан уақытша куәлік болмаған кезде);

білім беру ұйымдарын бітірген және офицер әскери атағын бере отырып, офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін; тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде жеке әскери-есептік құжатын жоғалтқан запастағы офицерлер, сержанттар, сабаздар қатарындағы;

3)әскери міндеттіден әскери билетін немесе әскерге шақырылушыдан әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін қабылдауда әскери есептен шығарылғаны туралы қолхат беру (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 6 айдан асатын мерзімге шығатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтарға);

4) порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарлама;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.