Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан алу (қажетті құжаттар):

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (не сенімхат бойынша оның өкілі) (сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін ұсынады.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталар бөлу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (не сенімхат бойынша оның өкілі) (сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін ұсынады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.