Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Алым мөлшерлемелері санатына байланысты

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Соңғы жылғы қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

  3. Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.

  4. Персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама.

  5. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы).

  6. Салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау жүргізгені үшін мемлекеттік алымды төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмасы данасының көшірмесі.

  7. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін).

  8. Соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама.

  9. Радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.

  10. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

                  ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

                  ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;

                  ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;

                  ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;

                  ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат.

  1. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

           бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

           шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;

           ААБ қызметінің бекітілген құрылымы.

  2. Метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы.

  3. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.

  4. Метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары.

  5. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:

          құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;

          соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама.

  6. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

  7. Іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

          бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

          бекітілген жұмыс технологиясы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.