Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Порталда –10 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияда – 15 жұмыс күні.

 

Қызметтің толық атауы
Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
  2. Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://subsidies.qoldau.kz/kz/subsidies/credit/info

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады).
  3. Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.