Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Сертификат беру - 10 жұмыс күні

Телнұсқасын беру - 2 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Сертификат алу үшін:

  1. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алуға өтініш.
  2. Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алынғаны туралы хат.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін).

Сертификаттың телнұсқасын алу үшін:

  1. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін).

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификаты немесе сертификаттың телнұсқасын алу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.