Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті беруші Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті болып табылады.
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:
- Кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс.
- Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын).
- Жұмыстың қысқаша аннотациясы.
- Жұмыстың ғылыми өзектілігі мен маңыздылығын бейнелейтiн ұсыным-негiздеме;
- Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi.
- Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама.
- Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесi көрсетiлген ұжым жұмыстары үшiн ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама.
- Негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспайтын).
- Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.
Бұл ретте осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар:
- Тиісті ұйымның ілеспе хаты.
- Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi.
- Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты (ұсынымы).
- Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама.
- Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемде басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген).
Мемлекеттік корпорацияға қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама.