Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті порталда қалай алуға болады

  1. портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына өтініш, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банк шотының нөмірі туралы, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірменің, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың мәліметтері.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
  2. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
  3. баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) - салыстырып тексеру үшін;

Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):

  1. консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат;
  2. баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтыған анықтама) - салыстырып тексеру үшін;
  3. бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда - қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;
  4. қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.