Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру
Тегін
Мемлекеттік корпорацияға, қорға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 минут.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның филиалдары арқылы қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Өзі жүгінген кезде:
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
Сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
- көсретілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат.