Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне,        жұмыспен қамту бөлімдеріне, www.egov.kz порталына жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

 Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  немесе мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектің сенімхаты.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке алып келген өндірістік жазатайым оқиға туралы, кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру орын алған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамту бөлімдері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

www.egov.kz Порталында қызмет көрсету нәтижесі:

Құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама.