Мүгедектiгi бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияда тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін негіздемелер болған кезде – 5 (бес) жұмыс күніне;

қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Порталда - 30 минут

Қызметтің толық атауы
Мүгедектiгi бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау

 

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде «Қазпочта» АҚ немесе екінші деңгейдегі банкте («Халық банкі» АҚ) ашылған жеке шоттың нөмірін (IBAN) көрсету қажет.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  3. жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. Бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      Қажет болған жағдайда (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

  1. Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі.
  2. Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі.
  3. Госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы.
  4. Он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
  5. Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгіленген жағдайда қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген кезде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.