Пайдаланушы сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

50 адамға дейін – 1144 АЕК;
51 - 200 – 1232 АЕК;
201 - 400 – 1272 АЕК;
401 - 600 – 1319 АЕК;
601 - 1200 – 1363 АЕК;
1201 - 2000  – 1407 АЕК;
2001 адамнан көп – 1458 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Куәлікті беру - 64 жұмыс күні

Телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Пайдаланушы сертификатын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

 пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:

  1. Нысан бойынша өтінім.
  2. ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төленгенін растайтын құжат.
  3. Пайдаланушының бірінші басшы қол қойған қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
    • көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
    • жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстарын түрлері;
    • ұшу жұмысын ұйымдастыру;
    • ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
    • ұшуды қамтамасыз етуді;
    • ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;
    • техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
    • әуе кемелерінің әзірлігі;
    • авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспар қамтитын ақпараты.
  6. Ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, Т.А.Ә.А. (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар.
  7. Мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
    • ұшу қауіпсіздік бойынша қызметі;
    • ұшу қызметі;
    • ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызметі;
    • жер үсті қамтамасыз ету бойынша;
    • персоналды даярлау бойынша;
    • авиациялық қауіпсіздігі бойынша;
    • бортсеріктер қызметі (бар болса);
    • сапаны бақылау бойынша;
  8. Түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі.
  9. Авиациялық персонал бойынша ақпарат.
  10. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқау.
  11. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау.
  12. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.
  13. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент).
  14. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері.
  15. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.
  16. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы.
  17. Ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат.
  18. Жұмыс түрлерін көрсете отырып, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі.
  19. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың тізбесі.

Пайдаланушы сертификатын кезекті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзгерістер мен жаңартулар орын алған жоғарыда көрсетілген, құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Сертификатын (сертификат телнұсқасын) беру немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.