Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Өтініш.
  2. Тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін).
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатынын растату құжаты.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін).
  4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатынын растату құжаты.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға 3 дана анықтама беру не мемлекетік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.