Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 минут
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1  жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы жеке тұлғаға анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Заңды тұлғалар өкілеттіктерін куәландыратын құжатты.
  3. Жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат.
  4. Жеке басын куәландыратын құжат.
  • Адвокаттар ордерді ұсынады.
  • Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін табыс етеді.
  • Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.
  • Мұрагерлер мұраға құқық туралы куәлiкті немесе мүліктік емес құқықтан тұратын мұраға құқық туралы куәлiкті немесе нотариалды куәландырылған мұрагерлер тобын анықтайтын құжатты ұсынады.
  • Кондоминиум объектісінің қатысушысы пәтерге меншік құқығын растауға негіз болатын құжаттарды немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын табыс етеді.

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы сурдоаудармасы бар бейнероликті қараңыз

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру.