Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирус індетінің өршуін тоқтату және оқшаулау шараларын қатайту үшін ХҚКО карантин кезеңінде жұмысын тоқтатты.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі

  1. Өтініш.
  2. Шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат.
  3. Құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған құжат.
  4. Осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі.
  5. Діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары.
  6. Заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.

Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі

  1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухаты.
  2. Кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді.
  3. Діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.

 

*Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылып, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариалды куәландырып ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.