Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Онлайн өтініш беру "оралман" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар): 

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).
  4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).

Қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алу.