Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) ай 

Жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің атына ерікті нысандағы азаматтыққа қабылдау туралы өтініш;
  2. сауалнама-өтініш;
  3. өмірбаян;
  4. өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
  5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
  6. жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
  7. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (жеңілдетілген (тіркеу) тәртібінде азаматтықты қабылдау шарттараына кіретін адамдардан басқа);
  8. мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.

Санамаланған құжаттармен қатар:

Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің атына ерікті нысандағы азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш;
  2. сауалнама-өтініш;
  3. өмірбаян;
  4. өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
  5. Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
  6. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
  8. мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
  9. бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік және т.б.) қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген (тіркеу) тәртіпте қабылдау үшін:

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін:

  1. азаматтықтан шығу туралы өтініш;
  2. сауалнама-өтініш;
  3. өмірбаян;
  4. өлшемі 3,5х4,5 см үш фотосурет;
  5. жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы және неке туралы куәліктерінің көшірмесі;
  6. жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ аумақтық атқарушылық іс жүргізу органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттерінің болуы немесе жоқ екені туралы анықтама;
  7. әскерге шақырылу жасындағы адамды мерзімді әскери қызмет өткеруден босату не босату мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
  8. мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса беріледі.
  9. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) болса немесе оның асырауындағы адамдар бар болса ол осы адамдардың оған қатысты материалдық және өзге де наразылықтары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.
  10. Нотариалды куәландырылған некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі), ата-ана құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
  11. Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі біруақытта азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына оның тиесілігі айқындалған нотариалды куәландырылған екінші ата-ананың өтініші ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қалпына келтіру туралы анықтама беру;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;

3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.