Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, (босқын мәртебесiн алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) көрсетілетін қызметті беруші арқылы  - 30 минуттан артық емес

Порталда - 15 минуттан артық емес

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).Тұрғын үйдің иесінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызмет Порталда тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін ғана көрсетіледі.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесінің (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімі.

Тұрғын үй иесінің (жалға алушының) тіркеу құқын растау үшін көрсетілетін қызметті беруші үй иесінің ЖСН мен жылжымайтын мүлік объектісінің ауданы, немесе үй иесінің ЖСН мен МТК бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығының пайда болу негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алады;

тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);

  1. Жеке басты сәйкестендіру үшін - жеке басты куәландыратын құжат (14 жасқа толған балалар - туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде).

Республикадан тыс жерлерден тұрғылықты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын (паспортты жолғалтқан немесе қолдану мерзімі өткен жағдайда – қайтып оралу куәлігі), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.

Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығы жоқтығы туралы анықтама болмаған кезде, азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.

1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: "Азаматтарға арналған үкіметі" Мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші;
3) Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.