Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

лицензия беру - 50 АЕК;

лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес.

Қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 20 жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезде – 3 жұмыс күні;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 20 жұмыс күні;

лицензиаттың жүгінуі бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұрған немесе жаңғыртқан кезде – 3 жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жаңғыртқан кезде – 10 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ( «электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  5. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім немесе  мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.