Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

Ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін негіз болған кезде, оның ішінде ақпараттық жүйелерден – 10 (он) жұмыс күніне.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін (проактивті қағидат бойынша қызмет көрсетілетін адамдарды қоспағанда).

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – БЖЗҚ) көрсетілетін қызметті алушының жеке зейнетақы шоты бойынша мәліметтерді қайта сұрату үшін негіз болған кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Нысан бойынша өтініш.

*Өтінішті қабылдау кезінде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, мүгедектік туралы анықтамалар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюз арқылы болмаған кезде өтінішке:

  1. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
  3. Зейнетақы аннуитеті шартын (шарттарын) жасасқан адамдар үшін сақтандыру ұйымдарымен жасаған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.

Айырма төлеміне зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы жүгінген жағдайда, өтінішке осы тармақтың үшінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша істер макетіне тігіледі.

Айырма төлеміне құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының алушылары болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:

  1. Шетелдік паспорттың көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты.
  2. Екінші деңгейдегі банктерде немесе ҚР аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

"Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы" хабарлама немесе негіздер бойынша бас тарту туралы хабарлама.