Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

1) лицензия бергені үшін 30 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің - 10 пайызын құрайды.
3) лицензияны телнұсқасын бергені үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің - 100  пайызын құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі

1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Выдача лицензии на осуществление микрофинансовой деятельности

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)    

Лицензияны алу үшін:

  1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш.
  2. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжат көшірмесі.Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мына құжаттар ұсынылады, бірақ олармен шектелмейді: көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде банктік шотқа ақша аударымын растайтын және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы берген лицензияға не бастапқы бухгалтерлік құжаттарға не қаржылық есептілікке не шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізіліміне не одан үзінді көшірмені алуға жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме).
  3. Нысан бойынша меншікті капиталдың ең аз мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтер.
  4. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  5. Жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
  6. Нысан бойынша ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін).
  7. Басшы қызметкерлерді, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерін (бар болса) жалдауды және (немесе) тағайындауды (сайлауды) растайтын құжаттардың көшірмелері.
  8. Микрокредиттер беру қағидалары.
  9. Басшы қызметкерлер мен құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін).
  10. Басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
  11. Басшы қызметкерлер мен құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін).
  12. Филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелері (олар бар болса).

Телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

  1. Лицензияның телнұсқасын алу туралы еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

  1. Нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш.
  2. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.