Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 АЕК.

Соттың шешімі негізінде хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен – 0,1 АЕК.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін – 0,5 АЕК.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету мерзімі

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күні басталады және келесі айдың тиісті күнінде аяқталады. Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. Бір ай мерзім қысқартылмайды.

Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімінің негізінде мемлекеттік тіркеу - қамауға алынған жұбайдың не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысының немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншының өтініші түскен күннен бастап бір апта мерзімде хабарлай отырып - күнтізбелік 45 күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қызметтің толық атауы
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызмет электрондық форматта қолжетімді

"Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру"


Қызметті порталда алу:

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш.
  2. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер.

Қызметті  Мемлекеттік органда және  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негізіне байланысты 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік).
  4. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  5. Жұбайын хабар-ошарсыз кетті деп не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы немесе жұбайы (зайыбы) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталуы туралы сот үкімі туралы мәліметтер.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі):

  1. Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету.
  4. Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берілсе, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.