Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
2) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы куәлiктер, оларға қайталама берiлген немесе бұрын берiлгендерін ауыстырғаны үшiн.

Қызмет көрсету мерзімі
Қайтыс болуды тіркеу мерзімі - 1 жұмыс күні.
Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күні.
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).
Порталда – өтініш қабылданғанын растау және қайтыс болу туралы куәлікті беру күнін белгілеу туралы хабарлама беру кезінде 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

 

Қызметтің толық атауы
Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті  Мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  2. Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер.
  3. Қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетіледі).
  4. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  5. Қайтыс болуы сот шешімінің негізінде тіркелген жағдайда - қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер.
  6. Қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болса).
  7. Қажет болған жағдайда (егер көрсетілетін қызметті алушының тегі және (немесе) әкесінің аты бойынша туыстық байланыс байқалмаса) жақын туыстығын растайтын құжат.

Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету.
  4. Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде қайтыс болғаны туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.