Некенің бұзылғаны туралы анықтама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

0,3 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген орынға көрсету.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басын растайтын құжатын.
  3. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
  4. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

 Электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.