Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

0,3 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 жұмыс күні

Акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде  - 5 жұмыс күні

Акт жазбасының электронды нұсқасы болмағанда және басқа тіркеуші органға сұрауды жолдау кезінде  - 30 күнтізбелік күнге дейін

Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу.

Төлеу туралы толығырақ

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Тұтынушының жеке басын растайтын құжат.
  3. Бюджетке мемлекеттiк баж төленгенi туралы құжат.
  4. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу немесе сұрау салынған жазбаның болмауы туралы анықтама.