Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Дәрігердің қабылдауына барғанда, порталға жүгінген кезде - кемінде 30 минуттан аспайды.

Үйге шақыру кезінде, жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттк көрсетілетін қызмет жүгінген күні көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

1. Көрсетілген қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде - учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама.
2. Порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында.
3. Дәлелді бас тарту.