Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы өтінішті ұсынады.
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Қызметті МӘС бөлімшесінен алу (қажетті құжаттар):

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады;
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.