Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - 8 жұмыс күні

egov.kz - кемінде 30 минут

Қызметтің толық атауы
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1.  Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).  Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Портал арқылы жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жасына жетуіне байланысты ұсынылады: 58 жас – әйелдер, 63 жас – ерлер.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та өтініш 1 толтыру
  2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне өтініш 2 толтыру
  3. Жеке куәлік ( Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат, оралман мәртебесін растайтын құжат.
  4. Зейнетақыны беру бойынша уәкілетті ұйымда банк шотының нөмірі туралы құжат.

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Электрондық қызмет бойынша өз өтініміңіздің тағайындалуы/бас тарту туралы мәртебені қадағалау үшін - Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы электрондық хабарлама