Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 минут

Қызметтің толық атауы
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. БСН көрсетіп, өтінімді толтыру немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген параметрлер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану: 
    • ұйымның атауы; 
    • ұйымдастыру нысаны;
    • ұйымдастыру-құқықтық нысаны; 
    • басшының ТАӘ; 
    • құрылтайшының ТАӘ. 
  3. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы сурдоаудармасы бар бейнероликті қараңыз

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті тіркеу туралы анықтама беру.