Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Жазылу кезеңіне байланысты 500 теңгеден (1 ай) – 2500 теңгеге (12 ай) дейін, ҚҚС қоса.

Қызмет көрсету мерзімі

Жазылу мерзіміне байланысты (1, 3, 6, 9, 12 ай)

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
  3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  4. Қызметке қосылу туралы хабарламамен пайда болған терезеде танысуға болады.
  5. SMS-хабарлама алғаннан кейін жеке кабинетте несие тарихындағы өзгертулер бойынша детализациямен танысуға болады.

Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг) жеке тұлғаның несиелік тарихындағы нақты бір өзгерістерді, сондай-ақ ЖТ несиелік тарихын қандай банкілердің сұрау салуларын қадағалауға мүмкіндік беретін қызмет болып табылады.

Жазылу мерзімі кезінде ЖТ несиелік тарихында өзгеріс болған жағдайда, арызданушыға оның несиелік тарихында ақпараттың өзгеруі  туралы SMS-ескертпе келеді.

Несиелік тарих мониторингі қызметінен бас тарту кезінде төленген сома қайтарылмайды.

Жазылу шарттары:

«Несие тарихын бақылау» қызметіне қосылуда есептік кезең ретінде күнтізбелік ай саналатынын назарыңызға аударамыз, яғни жазылу ресімделген ай.  Мысалы, егер сіз қызметке 20 қыркүйекке дейін 3 ай мерзімге қосылсаңыз, онда жазылудың бірінші айының мерзімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 30 қыркүйекте сағат 24.00-де аяқталады. Барлық жазылу мерзімінің аяқталу мерзімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-де аяқталады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өтінім мәртебесінің өзгеруі.