Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Тууды мемлекеттік тіркеу - тегін

Азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК

Шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 жұмыс күні.

Әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 жұмыс күні.
Азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күні.
АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).
Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қызметтің толық атауы
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу (қажетті құжаттар)    

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  4. Хабарламада көрсетілген уақытта АХАЖ-ға бару, өзімен бірге:

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бейнероликті қараңыз

Қызметті Мемлекеттік органда немесе  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚта  алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Туу туралы өтініш.
  2. Ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда).
  4. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады.
  3. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.

Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда) қажетті құжаттардың тізбесі

Қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде туу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.