Некеге тұру туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

0,3 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап ҚР аумағында тіркелген кезде - 1 жұмыс күні

Ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеу органының мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде - 5 жұмыс күні

Азаматтық хал актісін басқа тіркеу органында тіркеген кезде - 30 күнтізбелік күн

порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу - 1 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Онлайн қызметті 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некесін тіркеген азаматтар ала алады

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу 

  1. Өтiнiш.
  2. Тұтынушының жеке басын растайтын құжатын.
  3. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
  4. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Некеге тұру туралы анықтама (.pdf форматында) немесе сұрау салынған жазбаның болмауы туралы анықтама.