Электрондық өтініштер

Жабу Көрсету Қызмет паспорты

Сервистің атауы

Электрондық өтініш


Алу тәртібі

  1. Порталда авторлану қажет.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ болуы міндетті.
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету мерзімі

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекенжайы бойынша тексеруді талап етпейтін өтініштері он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекенжайы бойынша тексеруді талап ететін өтініштері субъектіге, лауазымды тұлғаға түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

Қосымша зерделеуді немесе тексеру қажет етілген жағдайда өтінішті қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге соңғы қарастыру мерзімінен кейін үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

Сервистің көмегімен сізге тізімде берілген мемлекеттік органдарға өтініш жазу және жіберу мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде өтініштің жеткізілуіне кепіл алуға, орындалу мәртебесін бақылауға және осы жерде порталда өтінішке жауап алуға болады.

 

Бұл үшін не істеу керек?

  1. Порталда авторлану.
  2. «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау.
  3. Ұсынылған нысанды толтыру.
  4. ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен қол қою;
  5. Мемлекеттік органға жіберу.

 

Құжатты қарастыру кезінде пайдаланушының жеке кабинетіне келеді:

  1. Жеткізілуі туралы хабарлама.
  2. Өтінішті тіркеу, тіркеу күні менмемлекеттік органда тағайындалған тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген тіркеуден бас тарту туралы хабарлама.
  3. Орындаушы мен орындау мерзімі көрсетілген орындауға жіберу туралы хабарлама.
  4. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.
  5. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.

Ескерту: 

2007 жылы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» №221 Заңына сәйкес тек жеке және заңды тұлғаларының электрондық жолдауларын қабылдауы жолдауды қарастыратын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жазбаша бірлескен немесе жекелеген, ауызша, электрондық құжат, бейнеконференц-байланыс, бейнежолдау, ұсыныс, өтініш, сұраным немесе пікір айту ретінде жолдаған жолдауларға ғана арналған.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өтінішке жауап (Хат). Өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпарат немесе мемлекеттік орталық, жергілікті атқарушы және аумақтық органдарға жіберу туралы ақпарат