Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінішті толтыру және  ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке құжаттарды қоса тіркеу:
  • егер некеде тұрса ерінің (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есеп жағдайы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;
  • егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсі болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
  • 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
  • патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның білімі туралы мәліметтер.
  • баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
  1. Жеке кабинетте «Қызметті көрсету нәтижелерімен» танысу.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы негізді жауап.