Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 жұмыс күні

Акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде  - 5 жұмыс күні

Акт жазбасының электронды нұсқасы болмағанда және басқа тіркеуші органға сұрауды жолдау кезінде  - 30 күнтізбелік күнге дейін

Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу.

    Төлеу туралы толығырақ

    1. Салық органын көрсету.
    2. «ТТК» жолында – 910– жалпы белгіленген тәртіпті көрсету.
    3. Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары).
    4. Төлем картасының барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
    5. Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.

    Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.

     

  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  5. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ куәлік телнұсқасын алу үшін бару. Өзімен бірге шығарылған хабарлама және жеке басты куәландыратын құжат болу қажет.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Тұтынушының жеке басын растайтын құжатын.
  3. Бюджетке мемлекеттiк баж төленгенi туралы құжатты ұсынады.
  4. Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚта – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік.

Порталда – электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама.