Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметтерді алу үшін сізде online.damu.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. online.damu.kz сайтындағы қажетті деректерді еңгізіп, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама.
  2. Іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы.
  3. Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хаты.
  4. Тиісті өңірдің органынан жобаға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы.
  5. Объекті бойынша ақпарат (таныстыру, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жобалары, пәтерлердің саны мен алаңдары), оның ішінде электрондық түрде.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.