Спорт түрлерін, спорт салаларын тану

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. Мәлімделген спорт түрінің, Қазақстан Республикасында және әлемде спорт саласының дамуы туралы ақпарат, оның қысқаша сипаттамасы, пайда болу уақыты мен орны, халықаралық спорт федерацияларының болуы, өткізілген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушыларды қамту, адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдірудегі және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі.
  3. Спорттық мүкәммалды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (болған жағдайда) қолданудың қысқаша сипаттамасын қамтитын өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқыту бағдарламасы мен әдістемесі.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларының ресми сайтына сілтеме көрсетілген жарыс процесін, спортшылардың қатысуын көрсететін спорттық жарыс барысының бейне (фото) материалдары.
  5. Мәлімделген спорт түрінің спорт түрі, спорт саласы бойынша қағидалары немесе мәлімделген спорт түрінің спорт түрі, халықаралық спорт федерациясына сәйкес спорт саласы бойынша қағидалардың көшірмесі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда-мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.