Тракторларға және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттiк байқау өткiзу
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Машинаның тікелей тұрған жерi бойынша - 10 жұмыс күні ішінде;
Машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде - 2 жұмыс күні ішінде;
Қызметтің толық атауы
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Машинаға тіркеу құжаты (техникалық паспорт).
Қызмет көрсету нәтижесі
Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақауы бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу