Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiк алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады

Қызмет көрсету мерзімі

40 жұмыс күні 

 

Қызметтің толық атауы
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

бастапқы куәлікті алу үшін:

  1. Өтінім.
  2. Ұшуды жүргізу жөнінде нұсқаулық;
  3. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы;
  4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
  5. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
  6. Пайдаланушының басшысы бекітетін Әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
  7. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
  8. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталады.

Куәлік кезекті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушының өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді береді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.