Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

дипломды беру – 22 жұмыс күнінен кешіктірілмей

дипломның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Кәсіби дипломды алу үшін:

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басты куәландыратын кужат.
  3. Жоғары немесе орта білімнен кейін білім туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері.
  4. Жүзу өтілін растайтын құжат.
  5. Кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияньң қорытындысы.
  6. Мөлшері 3,5x4,5 сантиметр екі фотосурет.

Кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басты куәландыратын кужат.
  3. Мөлшері 3,5x4,5 сантиметр бip фотосурет.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.