Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
0,5 АЕК
Мемлекеттік корпорацияның облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап – 5 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне тапсырған күннен бастап – 10 жұмыс күні;
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу үшін (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты.
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
Қызмет көрсету нәтижесі
Адамның қойылған қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр және мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.