Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

0,5 % АЕҚ

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

1) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:

  • жеке басты сәйкестентіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;
  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электронды және қағаз түрінде толтырылған шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініш-сауалнама;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

2) Заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде және қағаз түрінде екі данада толтырылған кесте;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

 3) Шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  • заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы растайтың құжаттар;
  • "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес заңды тұлғаны тіркеуді/аккредиттеуді растайтын сертификаттың көшірмесі;
  • өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  • шетелдік туристерді шақыруға өтініш білдірген қабылдаушы тарап – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Жаңартылған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес берген туристiк операторлық қызмет лицензиясының көшірмесі немесе Туристік агенттердің мемлекеттік тізілімінен үзінді;
  • виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға өтініш білдірген қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы қызметі туралы лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының көшірмесі; Жаңартылған
  • виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға өтініш білдірген қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Жаңартылған кодексіне сәйкес медициналық қызметке берген лицензиясының көшірмесі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Қосымша

Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы шақыруды мақұлдау үшін өтініш берушілер үшін мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру.

2) Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.