Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Ішкі нарыққа арналған таңбалардың құны және төлемақысының мөлшері жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып анықталады және Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары" кіші бөлімінде орнастырылады.

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияда және порталда - 2 жұмыс күнi

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл үшін - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
  3. Егер ұсынылған уылдырық:
  • табиғи болса - сатып алу-сату шартының көшірмесі;
  • тәркіленген болса - бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмелері;
  • жасанды болса – нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат.
  1. Таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалары немесе дәлелді бас тарту.