Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беруде – 3000 АЕК;

Лицензияны қайта ресімдеуде  – лицензия берудегі мөлшерлемеден 10%.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру – 10 жұмыс күні;

Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Этил спиртінің өндірісіне лицензия алу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.