Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

салықтың, төлемақының, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомаларын есепке жатқызу көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төленетін төлемді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару - 10 жұмыс күні;

салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару - қате төленген сома бойынша салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

салықтың, төлемақының, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

салық салу саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару - 10 жұмыс күні;

сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару - 10 жұмыс күні;

мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салықтық өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімд

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Салықтық өтініш.
  2. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – заңсыз салынуының салдарынан айыппұлдың күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған салық қызметі органының (лауазымды тұлғасының) шешімі.
  3. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат.
  4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат.
  5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты.
  6. Оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – заңды күшіне енген сот шешімі.
  7. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу;

2) қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті мемлекеттік кіріс органына есепке жатқызу;

3) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдың артық төленген сомасын, сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын салық төлеушінің банк шотына қайтару;

4) салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан оның төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы салық төлеушінің банк шотына қайтару;

5) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;

6) мемлекеттік баждың артық төленген сомасын оны төлеу орны бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына қайтару;

7) қатені растамау туралы жазбаша хабарлама-мемлекеттік кірістер органы аудару кезінде қателердің бар-жоғын растамаған жағдайда;

8) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін – салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалуы туралы хабарлама;

9) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.