Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін
- Өтініш (жеке тұлғалар Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес, заңды тұлғалар 3-қосымшаға сәйкес).
- "Электродық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың болуын растайтын мәліметтер нысаны.
- Жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушыларға).
- Қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік.
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат, "электрондық үкімет" шлюзі мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің бейіндері туралы және еңбек шарттары бойынша мәліметтер болмаған жағдайда.
- Меншік құқығын немесе жалға алу шартының немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) тегін пайдалану шартын немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын куәландыратын құжаттар, ЭҮШ-да мәліметтер болмаған жағдайда.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде
- Өтініш (жеке тұлғалар Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес, заңды тұлғалар 3-қосымшаға сәйкес).
- Лицензияны қайта ресімдеу жағдайлары үшін ЭҮТШ арқылы ақы төлеуді қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.
- Оның ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде қағаз жеткізгіште бұрын берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге кері қайтарады.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін
- Өтініш (жеке тұлғалар Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес, заңды тұлғалар 5-қосымшаға сәйкес).
- ЭҮТШ арқылы ақы төлеуді қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап