Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

4 жұмыс күні ішінде.
Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және оралман мәртебесін беру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қызметтің толық атауы
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті Мемлекеттік органда  немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. өмірбаян (еркін нысанда);
  3. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
  4. өтініш берушінің оралман мәртебесін беру немесе ұзарту Қағидалары 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген оралман мәртебесін беруге келісім туралы шешімнің көшірмесін қоса береді.

Өтініш берушілер оралман мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген оралман мәртебесінің көшірмесін береді.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Оралман мәртебесін беру кезінде - оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда - жергілікті атқарушы органның шешімі.