Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны
Қызмет көрсету мерзімі

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Саяси партияларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру, сондай-ақ жарғыны (ережесін) қайтару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса берілген өтініш берілген күннен бастап - 1 айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі - 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның мемлекеттік қайта тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуді қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Порталда - акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу өтініш берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті қалау онлайн алуға болады

  1. Порталда авторлану және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша көшу.
  2. Заңды тұлға ЭЦҚ-мен өтінішке қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтінішті келісімдеу (бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жүзеге асырылатын шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізетін, Өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестігк үшін сонымен қатар қызметін Типтік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғам үшін өтініш ЗТ басшысымен келісімделген болуы тиіс. Басқа шаруашылық серіктестіктері үшін өтінішті барлық қатысушылармен келісімделген болуы тиіс. Филиалдар мен өкілдіктер үшін өтініш бас ұйымның басшысымен келісімделген болуы керек).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қызметтерді көрсету нәтижелерімен танысу. 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. 1,2,3 және 4 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш. Үлесінде мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
  2. Электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.
  3. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттарының екі данасы не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні).
  4. Енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен нотариалды куәландырылған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже).
  5. Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің түпнұсқалары);
    коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат).
  6. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.

Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

Порталда берілген кезде – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.