Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ыхтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін ресімдеу - 8 АЕК.

Тұруына ыхтиярхат беру - 0,2 АЕК.

 

Қызмет көрсету мерзімі

17 жұмыс күнi

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша ресімделген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен қызмет көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):  

Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресімдеу үшін:

  1. Мемлекеттiкбаждытөлегенiтуралықұжат;
  2. Өлшемi 3,5 х 4,5 см. үшфотосурет (формулярды қағаз тасымалдағышта толтырған кезде);
  3. Мына құжаттардың бірі:
  • жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт (азаматығы тиесілі елдің елшілігі болмаған кезде);
  • азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (азаматтығы жоқ адамның келу елінің куәлігі және бұрын берілген құжаттың беру мерзімі өткен кезде құжатты қайта рәсімдеу кезінде);
  • 1974 жылғы үлгідегі паспорт (басқа мемлекеттің құзыретті органы берген келу елінің азаматтығының жоқтығы туралы анықтамасы болған кезде);
  • әскери билет;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
  • туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
  • Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).

Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:

  1. Жарамды ұлттық паспорт;
  2. өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде).

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтығы жоқ адамның куәлiгін немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.